7 күн бұрын
«Барселона» Бельгияда «Брюггемен» тең түсті
Испанияның «Барселона» клубы жалпы кезеңнің төртінші турында күтпеген жерден Бельгияның «Брюггесін» жеңе алмады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Брюггеде өткен тартысты ойын 3:3 есебімен аяқталды.
Алаң иелері сапынан Николо Тресольди (6-минут) және Карлуш Боржеш (17, 64-минуттар) мергендігімен көзге түсті. Ал «Барселона» құрамында Ферран Торрес (8-минут) пен Ламин Ямаль (61-минут) гол соқты. Сонымен қатар 77-минутта Христос Цолис өз қақпасына автогол жіберіп, каталондықтарға «көмектесті».
Осы нәтижеден кейін екі команданың да еншісінде 6 ұпайдан бар.
Келесі турда «Барселона» сырт алаңда Англияның «Челсиімен» кездеседі, ал «Брюгге» Португалияның «Спортингіне» қарсы ойнайды. Матчтар 25 және 26 қараша күндері өтеді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас