6 күн бұрын
«Қайрат» Чемпиондар лигасында қанша пайда тапты?
Еуропа клубтарының Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінен тапқан табыстары туралы мәліметтер жарияланды, деп хабарлайды Sport12.kz
Tурнирдің негізгі кезеңіндегі төрт тур қорытындысы бойынша, «Қайрат» 20,95 миллион еуро табыс тапқан. Әзірше бұл Чемпиондар лигасына қатысушы барлық командалар арасындағы ең төменгі көрсеткіш.

Тізімнің көшін ағылшындық «Манчестер Сити» бастап тұр (70,1 млн еуро). Үздік үштікке француздық «ПСЖ» (69,99 млн еуро) және германиялық «Бавария» (69,04 млн еуро) енді.
Еске салайық, Рафаэль Уразбахтиннің командасы төрт матчтың қорытындысы бойынша, бір ұпай жинады. Енді «Қайрат» 26 қараша күні сырт алаңда Данияның «Копенгагеніне» қонаққа барады.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Қанат Байұзақов