Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

08.11.2025

Офри Арадқа ота жасалады

Офри Арадқа ота жасалады

Фото: «Қайрат» футбол клубы

Алматылық «Қайрат» командасының шабуылшысы Офри Арад UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңі бесінші турындағы Данияның «Копенгаген» клубына қарсы кездесуге қатыса алмайды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Футболшы төртінші турда Италияның «Интеріне» (1:2) қарсы ойында гол соқты. Дегенмен сол кездесу барысында жарақат алды. Оған жақын арада ота жасалады деп күтілуде.

Офри Арад 1998 жылы 11 қыркүйекте Израильде дүниеге келген. Өз елінде «Маккаби» (Хайфа), «Хапоэль» (Рамат-Ган) клубында ойын көрсетті. 2023 жылдан бері алматылық клуб сапында ойын көрсетіп келеді. 

Израиль құрамасы сапында 2020-2024 жылдары 10 ойынға қатысты. 


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»