Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

10.11.2025

«Реал» Холандты алу үшін Винисиустен бас тартуы мүмкін

«Реал» Холандты алу үшін Винисиустен бас тартуы мүмкін

Мадридтің «Реалы» «Манчестер Сити» шабуылшысы Эрлинг Холандты қайтадан өз қатарына қосуға ниетті. Бұл туралы El Gol Digital хабарлады.

Басылымның мәліметінше, норвегиялық футболшы өз айналасына Испания чемпионатына ауысу мүмкіндігін жоққа шығармайтынын білдірген. Алайда ол Винисиус Жуниормен бір командада ойнағысы келмейді.

«Реал» басшылығы осы жағдайды ескере отырып, Винисиусты сатуды қарастыруда. Мұндай шешім команданың ішкі атмосферасын жақсартып қана қоймай, Холандтың трансферіне қажетті қаражаттың бір бөлігін жабуға мүмкіндік береді.

Соңғы уақытта Винисиус тұрақсыз ойыны мен түрлі дау-дамайларға жиі тап болуымен сынға ұшырап жүр.

Айта кетейік, «Реалдың» Холандқа деген қызығушылығы бұрыннан бар. Мадридтіктер оны «Манчестер Ситиге» ауысқанға дейін-ақ қарастырған еді. Енді клуб тарихтағы ең күшті шабуыл тандемін – Килиан Мбаппе мен Эрлинг Холандты бір командада біріктіруді армандап отыр.



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»