10.11.2025
«Қайрат» Темірлан Анарбековті Еуропаға жіберуге дайын
Алматылық «Қайрат» клубының президенті Қайрат Боранбаев қақпашы Темірлан Анарбековтің болашағына қатысты пікір білдірді.
— Егер Темірлан Анарбековке Еуропадан нақты ұсыныстар түссе, біз оны ұстап қалмаймыз. Қазіргі таңда ешқандай ресми ұсыныс жоқ, ол – «Қайраттың» ойыншысы, — деді Боранбаев.
Осылайша, клуб басшылығы жас қақпашының мансабын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік беруге дайын екенін жеткізді.
Айта кетейік, Анарбеков биылғы маусымда Еуропа аренасында жарқын ойындарымен көзге түсті. Әсіресе Чемпиондар лигасындағы «Интерге» қарсы кездесуде оның бірнеше сейві жанкүйерлер мен сарапшылар тарапынан жоғары бағаланған болатын.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»