11.11.2025
Жоан Гаспар: «Мессиге “Барсаға” оралудың қажеті жоқ»
«Барселонаның» бұрынғы президенті Жоан Гаспар аргентиналық шабуылшы Лионель Мессидің каталондық клубқа қайта оралу мүмкіндігі жайлы пікір білдірді. Оның айтуынша, «Барса» футболшыға қазіргі «Интер Майамидегі» жалақысына тең ақыны төлей алмауы мүмкін.
«Мен Леоға қайта оралмауға кеңес берер едім. Бұл – достық кеңес. Бірақ жанкүйер тұрғысынан қарасақ, әрине, бұл қызықты қадам болар еді», – деді Гаспар.
Месси «Барселонаның» негізгі құрамында 2005 жылдан 2021 жылға дейін ойнады. Қазір ол «Интер Майами» сапында, келісімшарты 2028 жылдың соңына дейін есептелген. 38 жастағы футболшының нарықтық құны – 18 миллион еуро.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»