12.11.2025
Асхат Тағыберген: «Ордабасыда қалуға намыс жібермеді, Тобылға келгеніме өкінбеймін»
Қазақстан құрамасының және «Тобыл» клубының жартылай қорғаушысы Асхат Тағыберген AmanVibe YouTube арнасына берген сұхбатында маусымдағы қиындықтар мен команда ауыстыру шешімі туралы айтты.
«Маусымның басы қиын болды, бірақ кейін бәрі өз орнына келді. Өзімнің ойнай алатынымды сөзбен емес іспен дәлелдедім», — деді ол.
Футболшының айтуынша, «Ордабасыдан» кету шешіміне намыс пен сол кездегі жағдай әсер еткен:
«Түркияда ұлттық құрамамен бірге оқу-жаттығу жиынында жүргенде, Шымкенттің әкімі тарапынан сын айтылды. Сол себепті «Ордабысыда» қала алмадым. Намыс жібермеді. Басқа команда іздей бастадым. Ешқандай өкінбеймін — «Тобылға» барғаныма қуаныштымын. Ол жақта мені өз үйімдегідей қарсы алды, себебі бұрын да бұл клубта ойнағанмын», — деді Асхат.
Тағыбергеннің сөзінше, ол кезде бірнеше нұсқа болған:
«Қайсар» мен «Жеңістен» командаларында қарастырдым. «Қайсар» өзім қалағанмен, олардың өз қиынжықтарына байланысты нақты ұсыныс болмады. Бірақ сол сәтте ұлттық құрамамен бірге Түркияда жүргенмін. Сол жерде «Тобылдың» бас бапкері Нұрбол Жәрдемұлы да болды, сөйлесіп, шешім қабылдадық», — деді ол.
Асхаттың айтуынша, бұл маусым оның жаңа командасымен сәтті өтті:
«Жалпы жақсы маусым өткіздік деп ойлаймын — үшінші орын алдық, ал Кубокта сол «Ордабасыны» Қызылордада жеңдік», — деді Тағыберген.
Футболшының бұл мәлімдемесі жанкүйерлер арасында үлкен қызығушылық тудырды, өйткені ол алғаш рет «Ордабасыдан» кету себебін ашық айтты.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»