Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

12.11.2025

Асхат Тағыберген ерекше таңқалдырған командаларды атады

Асхат Тағыберген ерекше таңқалдырған командаларды атады

Қазақстан құрамасы мен «Тобыл» клубының жартылай қорғаушысы Асхат Тағыберген AmanVibe YouTube арнасына берген сұхбатында маусым бойы өзін ерекше әсер қалдырған командалар мен ойыншыларды атады.

«Мен үшін ерекше көзге түскен командалар — «Қайсар» мен «Жеңіс». Бұны туған клубым болғаны үшін айтып отырған жоқпын. Жалпы, «Қайсар» биыл тек қазақстандық ойыншылармен маусымды өте жақсы өткізді. Өз алаңында мықты клубтардан әрдайым ұпай алып отырды. Ал «Жеңістің» бапкері мен ойыншылары маусымның ең әдемі ойындарының бірін көрсете алды», — деді Асхат.

Тағыберген жас ойыншылардың ішінен ерекше атап өткен — «Қайрат» және ұлттық құраманың жартылай қорғаушысы Дастан Сәтпаев.

«Дастан — біздің жарық жұлдызымыз. Менің ойымша, ол Еуропада өзін жақсы көрсетеді. Ұлттық құрамада сөйлескенде тұйықтау көрінеді, бірақ сен өзің бірінші болып тіл қатсаң, ойын ашық айта алады. Өте үлкен профессионал. Мен ондай ойыншыны көрмедім, тіпті Криштиану Роналдудан кейін сол шығар. Өз ісіне өте жауапкершілікпен қарайды», — деді ол.

Сондай-ақ Асхат жас талант Ғалымжан Кенжебекті де ерекше атап өтті:

«Ғалымжан керісінше — ашық мінезді ойыншы. Еуропаға барып біраз өзгерді. Кейде өзіне көп тартады, бірақ соңғы ойындарда командалық ойыны жақсарды, пастар да көбейді», — деп қорытындылады ол.

Тағыбергеннің пікірінше, дәл осындай жас буын — Қазақстан футболының болашағы.



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»