14.11.2025
Франция құрамасы әлем чемпионаты финалдық кезеңіне жолдама алды
Фото: Matthew Childs/Reuters
Футболдан Франция құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионаты финалдық кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды Sport12.kz.
D тобында сынға түсіп жатқан франциялық футболшылар бесінші турда өз алаңында Украинаны 4:0 есебімен тізе бүктірді. Нәтижесінде Еуропадан берілген екінші жолдамаға ие болды. Бұдан бұрын мұндай мүмкіндікке Англия құрамасы қол жеткізген еді.
Қазірге дейін әлем чемпионатына АҚШ, Канада, Мексикадан өзге Еуропадан Англия, Оңтүстік Америкадан Аргентина, Бразилия, Эквадор, Уругвай, Колумбия, Парагвай, Азиядан Жапония, Иран, Өзбекстан, Оңтүстік Корея, Иордания, Аустралия, Қатар, Сауд Арабиясы, Африкадан Марокко, Тунис, Египет, Алжир, Гана, Кабо-Верде, Оңтүстік Африка, Сенегал, Кот-д’Ивуар, мұхит аймағынан Жаңа Зеландия қатысатыны белгілі болды.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»