15.11.2025
Дастан Сәтпаев ұлттық құрамадағы алғашқы голын соқты
Футболдан 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясындағы Қазақстан - Бельгия матчында есеп ашылды, деп хабарлайды Sport12.kz
Ойынның 9-минутында орталық алаңдағы қателікті тиімді пайдаланған 17 жастағы Дастан Сәтпаев өзінің жылдамдығы мен дәл соққысының арқасында есеп ашты.
2025 жылы ғана ұлттық құрамаға шақырылған футболшы өз мансабындағы алғашқы голын соқты.
Айта кетейік, бұған дейін Дастан Сәтпаев жарақатына байланысты ойынға қатыспауы мүмкін деген ақпарат тараған болатын.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов