18.11.2025

«Қайрат» клубы Чемпиондар лигасындағы ойындарының билет бағасын арзандатты

«Қайрат» клубы Чемпиондар лигасындағы ойындарының билет бағасын арзандатты

Футболдан Чемпиондар лигасында өнер көрсететін «Қайрат» клубы өз алаңындағы ойындарына билет бағасын арзандатты, деп хабарлайды Sport12.kz

««Қайрат» ФК УЕФА-мен бірлесе отырып, УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде «Олимпиакос» (9 желтоқсан), «Брюгге» (20 қаңтар) командаларына қарсы өз алаңындағы матчтарын «Астана Арена» стадионына көшіреміз деп шешті.

Алматыдағы Орталық стадионда матчты қыста өткізу тәжірибесі көрсеткендей, төмен температура, шатырдың жоқтығы, қар жауу қаупі жанкүйерлер үшін қолайсыздық туғызып, алаң қызметін қиындатады. Көрермендерге жайлы әрі қауіпсіз жағдай жасау үшін матч жабық стадионда өтеді.

Билет бағасы 15 000 – 50 000 теңге аралығында болады. 28 қарашадан бастап Qairat SuperApp және Freedom SuperApp мобильді қосымшаларында сатыла бастайды. Бір адамға екі билеттен артық рәсімдеуге болмайды.

Ticketon мамандары «Қайрат» ФК-ның өз алаңындағы матчтарына алған абонемент иелеріне жалпы сатылым басталғанға дейін хабарласып, билет рәсімдеу, басымдық арқылы сатып алу тәртібі туралы толық ақпарат береді», - делінген клубтың хабарламасында.

Айта кетейік, алматылық команда 26 қараша күні сырт алаңда Дания чемпионы «Копенгагенмен» жолығады.

Осыған байланысты Қазақстан ұлттық құрамасына шақырту алған «Қайраттың» бірнеше футболшысы Фарер аралдарына қарсы өтетін матчқа қатыспайды.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас