20.11.2025
«Шахтёр» Сұлтан Сағынаевпен қош айтысты
Фото: «Шахтёр» футбол клубы
Қарағандының «Шахтёр» футбол клубы жартылай қорғаушы Сұлтан Сағынаевтың команда құрамынан кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Біз футболшының команда құрамында өткізген ойыны мен жарқын сәттері үшін алғыс білдіреміз.Биылғы маусымда Сұлтан кеншілер командасының құрамында 6 матчқа қатысты.Клубтың дамуына қосқан үлесі мен еңбегі, кәсібилігі үшін рақмет. Сұлтанға алдағы мансабында зор табыс тілейміз, - деп жазылған хабарламада.
Өткен маусымда Сұлтан Сағынаев «Шахтёр» сапында алты кездесуде жасыл алаңға шықты. Жыл басында «Атырау» намысын қорғаған еді. Оған дейін футболшы «Ертіс», «Каспий», «Ақсу», «Мақтаарал» және «SD Family» клубтарында доп тепті.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»