Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

22.11.2025

«Елімай» Өзбекстан құрамасының сұрмергенін қатарға қоспақ

«Елімай» Өзбекстан құрамасының сұрмергенін қатарға қоспақ

«Елімай» Өзбекстан құрамасы мен «Насаф» клубының 23 жастағы форварды Хусаин Норчаевті қатарға қосуды көздеп отыр, деп хабарлайды «Азия Спорт» телеграм-арнасы.

Дереккөздің мәліметінше, Еурокубоктарға дайындалып жатқан семейлік команда Норчаевпен келісімшартқа қол қою мүмкіндігін қарастыруда. Алайда бұл трансфер ойыншының қазіргі жалақысымен тең немесе одан төмен болмайтын — айына кемінде 20 мың доллар көлеміндегі қаржылай ұсынысқа байланысты жүзеге аспақ.

Хусаин Норчаев — өзбек Суперлигасының үздік сұрмергендерінің бірі. Ол «Насаф» сапында Лига чемпиондары матчтарында тұрақты түрде гол соғып жүр, ұлттық құрамаға шақырылып тұрады және алдағы әлем чемпионатына қатысуы ықтимал.

Шабуылшының қыстық трансфері «Елімай» үшін тиімді болуы мүмкін. Футболшының жарқын ойыны оның нарықтық бағасын айтарлықтай өсіреді. Бұған дейін Норчаевқа португалиялық «Брага» мен бірнеше ресейлік клуб қызығушылық білдірген.



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»