Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

24.11.2025

«Елімай» сапына Қазақстан құрамасының шабуылшысы қосылды

«Елімай» сапына Қазақстан құрамасының шабуылшысы қосылды

Фото: «Елімай» футбол клубы

Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы, 28 жастағы тәжірибелі шабуылшы Айбар Жақсылықов жаңа маусымда «Елімай» сапында ойнайды, деп хабарлайды Sport12.kz. 

Шабуылшы 2024-25 жылғы маусымда «Қайсар» жейдесінде 51 матч өткізіп, 15 голдың авторы атанған. Айбар алаңдағы қайсарлығымен, гол соғудағы дәлдігімен танылған ойыншы. 

Ол «Тобол» құрамында Қазақстан Суперкубогының иегері (2022), Премьер-лига қола жүлдегері (2022) болған. 

Ал «Ордабасы» сапында Қазақстан чемпионы (2023) атанды.



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»