Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

25.11.2025

Виктор Кумыков қай командаға бас бапкер болады?

Виктор Кумыков қай командаға бас бапкер болады?

Фото: «Қайсар» футбол клубы

Ресейлік маман Виктор Кумыков ақтаулық «Каспий» командасы бас бапкері атаны мүмкін, деп хабарлайды Sport12.kz. 

Жақында Виктор Кумыков қызылордалық «Қайсар» командасының бас бапкері қызметінен кетті. Тәжірибелі маман тек қазақстандық ойыншылармен он бірінші орын алып, Премьер-лигадағы орнын сақтап қалды.

Ол қызылордалық клубта 2023 жылдан бері жұмыс жасап келеді. 2023 жылы - 6, 2024 жылы - 8 орын алды.

Одан бұрын Виктор Кумыков аталған командада 2003-2004 жылдарда қызмет атқарды. 

Сондай-ақ ресейлік маман қарағандылық «Шахтер» командасындағы қызметімен жанкүйерлерге жақсы танымал. Оның басшылығымен «Шахтер» 2011 және 2012 жылдары Қазақстан чемпионы атанса, 2013 жылы Қазақстан Суперкубогын, 2013 жылы Қазақстан Кубогын жеңіп алған. Сондай-ақ, бұл бапкермен қарағандылық команда Қазақстанның футбол тарихында тұңғыш рет Еуропа Лигасының топтық кезеңіне шыққан. 

Сонымен қатар, ол «Спартак» Нальчик (Ресей), «Елімай» (Қазақстан), «Машал» (Өзбекстан), «Насаф» (Өзбекстан), «Шахтер» (Қазақстан), «Ордабасы» (Қазақстан), «Алмалык» (Өзбекстан), «Атырау» (Қазақстан) командаларында бас жаттықтырушы болып жұмыс істеген.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»