25.11.2025
Тәжікстанда Криштиану Роналдудың келмеуіне байланысты реніштерін білдірді
«Истиклол» футбол клубының бас директоры Шахзод Сулаймонов «Әл-Наср» командасының жұлдызды форварды Криштиану Роналдудың Азия Чемпиондар Лигасының матчына келмеуі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sport12.kz
«Роналду Тәжікстанда «Истиклолға» қарсы матчқа келмеді. Португалиялық ойыншы команданың сырттағы матчтарына бармайды. Бұған дейін ол Үндістан мен Ирак матчтарына қатыспаған. Біз өте ренжіп отырмыз», – деді клубтың бас директоры.
«Истиклол» мен «Әл-Наср» арасындағы ойын ертең, 26 қарашада, Тәжікстанда өтеді. Роналду Сауд Арабиясының клубында 2023 жылдың қаңтарынан бері өнер көрсетіп келеді. 40 жастағы португалиялық ойыншымен еңбек келісімі 2027 жылдың ортасына дейін жасалған.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов