3 күн бұрын
«Челси» клубының бас бапкері: «Барселона» шабуылда көптеген мүмкіндіктер жасайды
«Челси» клубының бас бапкері Энцо Мареска Чемпиондар Лигасының 5-турында өтетін «Барселонаға» қарсы ойын алдында бірқатар сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Sport12.kz
«Бұл – маңызды апта. «Барселонаға» қарсы ойын және жексенбі күні «Арсеналға» қарсы Премьер-лига матчы әртүрлі себептерге байланысты маңызды. Біз әр матчқа жеке дайындалуымыз керек.
«Барселонаның» жоғары қорғаныс сызығы — маңызды фактор. Бірақ біз допсыз ойнағанда да сақ болуымыз қажет. Олар әрқашан көптеген мүмкіндіктер жасайды және гол соғады. Біз шабуыл мен қорғаныс арасындағы дұрыс тепе-теңдікті табуымыз керек», – деді Мареска.
«Челси» алаңындағы матч бүгін Астана уақытымен 01:00-де басталады. Матчты Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Қанат Байұзақов