20 сағат бұрын

«Каспий» Мақсат Байжановтың директор қызметіне келетінін жоққа шығарды

«Каспий» Мақсат Байжановтың директор қызметіне келетінін жоққа шығарды

Фото: «Каспий» футбол клубы

Ақтаулық «Каспий» командасы директор қызметіне Мақсат Байжановтың келетінін жоққа шығарды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім етті.

- Әлеуметтік желілерде тараған ақпарат шынайы емес. «Каспий» клубының спорт директоры – Кургулин Нұртас Маликович. Ол өз лауазымында, ешқандай кадрлық өзгерістер болған жоқ. Бейресми парақшалардағы жалған жаңалықтарға сенбеулеріңізді сұраймыз. Клубқа қатысты кез келген ресми ақпарат тек біздің ресми аккаунттарымызда ғана жарияланады. Жалған мәлімет таратудың барлық түрі жауапкершілікке әкелетінін ескертеміз, - деп жазылған хабарламада.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас