26.11.2025
«Қайрат» жанкүйерлерін қуантқан жаңалық: команда «Копенгагенге» қарсы матчқа толық дайын
Қазақстандық белгілі маман Алмас Құлшынбаев алдағы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі «Копенгаген» — «Қайрат» матчы туралы пікір білдірді.
Құлшынбаевтың айтуынша, даттық клуб — Еуропадағы орта деңгейлі командалардың бірі, әрі шотландиялық «Селтикке» ұқсас. Ал дәл сол «Селтикті» алматылықтар іріктеу кезеңінде жеңген болатын. Сарапшы «Интерге» қарсы өткен соңғы ойында «Қайрат» өте сенімді көрінгенін, тіпті Миланнан тең нәтижені әкелуге мүмкіндігі болғанын айтты.
Маманның сөзінше, командаға Темірлан Анарбековтің қатарға оралуы үлкен серпін берген.
— «Маған „Қайрат“ бүгін ұтылмайтын сияқты көрінеді», — деді Құлшынбаев.
Матч бүгін Данияда өтеді. Басталуы — 22:45, Қазақстан уақытымен.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»