6 күн бұрын

«Қайрат» клубы Чемпиондар лигасында тарихи ұпайын алды

«Қайрат» клубы Чемпиондар лигасында тарихи ұпайын алды

УЕФА жастар арасындағы Чемпиондар лигасының бесінші туры аясында «Қайрат» U19 командасы «Копенгагеннің» жасөспірімдеріне қарсы матч өткізді, деп хабарлайды Sport12.kz

Данияда өткен матчта алаң иелері айқын фаворит болса да, 90 минуттың қорытындысы бойынша күтпеген нәтиже тіркелді. Ойын 2:2 есебімен аяқталды. Алматылықтар сапынан Мансур Биркурманов пен Рамазан Бағдат қонақтарды алғашқы таймда алға шығарғанымен, «Копенгаген» соңғы минуттарда таразы басын теңестіріп кетті.

Айта кетейік, алматылық жастар бұған дейінгі 4 матчта да қарсыластарына есе жіберіп келген еді.

Осылайша, «Қайрат» U19 командасы Қазақстан футбол тарихындағы жастар Чемпиондар лигасында ұпай алған бірінші отандық клуб атанды.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас