6 күн бұрын
«Ливерпуль» клубы бас бапкерге қатысты шешімін шығарды
«Ливерпуль» дағдарыс кезеңін бастан өткеруде, деп хабарлайды Sport12.kz
Арне Слоттың командасы соңғы 12 матчтың 9-ында барлық турнирлерде жеңіліп қалды. Алайда мерсисайдтық клуб Слотты қызметінен босатуды жоспарлап отырған жоқ.
Daily Mail басылымының «Ливерпульге» және Слотқа жақын дереккөздерге сілтеме жасап хабарлауынша, нидерландық маманның жағдайы қауіпсіз саналады. ПСВ-дан 1:4 есебімен Чемпиондар лигасында жеңілгеннен кейін де клуб ішінде ешқандай өзгеріс болмаған.
Енді Арне Слот «Ливерпуль» ойыншыларын Премьер-лигада сырт алаңдағы «Вест Хэмге» қарсы матчқа дайындамақ. Бұл ойын 30 қарашада өтеді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Қанат Байұзақов