2 күн бұрын

«Ливерпуль» клубы жеңіліс сериясын тоқтатты

«Ливерпуль» клубы жеңіліс сериясын тоқтатты

Ағылшын Премьер-лигасының кезекті турында «Ливерпуль» клубы сырт алаңда «Вест Хэм Юнайтедпен» кездесті, деп хабарлайды Sport12.kz

Матчтағы алғашқы голды Александер Исак соқты. Швед шабуылшысы 60-минутта көзге түсті. Кездесудің соңында алаң иелерінің жартылай қорғаушысы Лукас Пакета екі минут ішінде екі сары қағаз алып, алаңнан қуылды. 90+2-минутта Коди Гакпо матчтың қорытынды есебін қойды. Есеп: 2:0.

Бұған дейін «Ливерпуль» барлық турнирлерде қатарынан үш рет жеңіліс тапқан еді.

Осы ойыннан кейін «Ливерпуль» 21 ұпаймен Англия чемпионатының жоғарғы дивизионы турнирлік кестесінде жетінші орынына көтерілді. Ал «Вест Хэм Юнайтед» 11 ұпаймен 17-орында орналасқан.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас