30.11.2025

«Арсенал» клубы Ағылшын Премьер-лигасында ұпай жоғалтты

«Арсенал» клубы Ағылшын Премьер-лигасында ұпай жоғалтты

Футболдан Ағылшын Премьер-лигасының 13-турының орталық ойынында «Челси» командасы өз алаңында «Арсеналды» қабылдады, деп хабарлайды Sport12.kz

Ойынның 38-минутында алаң иелерінің жартылай қорғаушысы Мойсес Кайседо Микель Мериноға қарсы жасаған ереже бұзғаны үшін қызыл қағаз алды.

48-минутта алаң иелерінің қорғаушысы Трево Чалоба матчтағы есепті ашты.

Қонақтардың жартылай қорғаушысы Микель Мерино 59-минутта гол соғып, жауап қайтарды.

Энцо Мареска жаттықтыратын команда 24 ұпай жинап, Англия чемпионатында үшінші орында тұр.

Микель Артета шәкірттері 30 ұпайға ие болып, бірінші орында орналасқан.

Келесі турда «Челси» «Лидс Юнайтедпен» (3 желтоқсан), ал «Арсенал» «Брентфордпен» (3 желтоқсан) кездеседі.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас