03.12.2025

Виктор Кумыков «Каспиймен» келіссөз жүргізіп жатқанын растады

Виктор Кумыков «Каспиймен» келіссөз жүргізіп жатқанын растады

Фото: «Қайсар» футбол клубы

Ресейлік маман Виктор Кумыков «Каспий» футбол клубымен келіссөз жүргізіп жатқанын растады, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл жөнінде ақпарат көздерінен белгілі болды.

- «Каспий»? Әзірге келіссөз жүруде, айдың соңына дейін шешіледі деп ойаймын, - деді ол.

Алайда бұдан бұрын ақтаулық клуб ресейлік маманмен келіссөз жүргізіп жатқанын жоққа шығарған еді. Виктор Кумыков 20023-2025 жылдары қызылордалық «Қайсар» командасының тізгінін ұтсады.

Ол қызылордалық клубта 2023 жылдан бері жұмыс жасап келді. 2023 жылы - 6, 2024 жылы - 8 орын алды.

Одан бұрын Виктор Кумыков аталған командада 2003-2004 жылдарда қызмет атқарды. 

Сондай-ақ ресейлік маман қарағандылық «Шахтер» командасындағы қызметімен жанкүйерлерге жақсы танымал. Оның басшылығымен «Шахтер» 2011 және 2012 жылдары Қазақстан чемпионы атанса, 2013 жылы Қазақстан Суперкубогын, 2013 жылы Қазақстан Кубогын жеңіп алған. Сондай-ақ, бұл бапкермен қарағандылық команда Қазақстанның футбол тарихында тұңғыш рет Еуропа Лигасының топтық кезеңіне шыққан. 

Сонымен қатар, ол «Спартак» Нальчик (Ресей), «Елімай» (Қазақстан), «Машал» (Өзбекстан), «Насаф» (Өзбекстан), «Шахтер» (Қазақстан), «Ордабасы» (Қазақстан), «Алмалык» (Өзбекстан), «Атырау» (Қазақстан) командаларында бас жаттықтырушы болып жұмыс істеген.


Біздің серіктес: Бізге тіркел!