03.12.2025

«Олимпиакос» Чемпиондар лигасында маңызды ойыншысынан айырылды

«Олимпиакос» Чемпиондар лигасында маңызды ойыншысынан айырылды

«Олимпиакос» капитаны Панайотис Рецос команданың Чемпиондар Лигасының жалпы кезеңінің алтыншы туры аясында алматылық «Қайратқа» қарсы өтетін матчына қатыса алмайды, деп жазады Sport12.kz.

30 қараша күні сырт алаңда «Панетоликосқа» қарсы өткен ойында Рецос бірінші таймның соңында бұлшық етіндегі жайсыздыққа байланысты алаңнан кетуге мәжбүр болды.

Енді ол жақын күндері өтетін ойындарға, ең алдымен «Олимпиакос» үшін маңызды саналатын «Қайратпен» сырт алаңдағы кездесуге қатыса алмайтынын білдіреді.

Еске сала кетейік, «Қайрат» - «Олимпиакос» матчы 9 желтоқсанда Астанадағы «Астана Арена» стадионында өтеді.


Біздің серіктес: Бізге тіркел!