4 күн бұрын

«Qazaqstan» футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты жеребе тарту рәсімін көрсетеді

«Qazaqstan» футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты жеребе тарту рәсімін көрсетеді

Фото. dynamo.kiev.ua

«Qazaqstan» телеарнасы футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты жеребе тарту рәсімін көрсетеді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл жөнінде ұлттық арна мәлім етті.

5 желтоқсанда келер жылы өтетін футболдан Әлем чемпионатының жеребе тарту рәсімі өтеді. Вашингтонда болатын спорттық шараны «Qazaqstan» телеарнасы сағат 22:00-де тікелей эфирде көрсетеді.

Ойындар Канада, АҚШ және Мексиканың 16 қаласында өтеді. Чемпионат 11 маусымда басталып, 19 шілдеде аяқталады.

Айта кетейік, матчтарды «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас