04.12.2025
«Реал» Винисиустың орнына 90 млн еуро тұратын ойыншыны таңдады
«Реал» Винисиус Жуниормен қош айтысуы мүмкін деген ақпараттар жиілеп келеді.
Бразилиялық футболшының болашағы Хаби Алонсоның жоспарларымен сәйкес келмеуі және келісімшарттың 2027 жылға дейін ғана күшінде болуы клубты балама іздеуге итермелеп отыр.
Fichajes мәліметінше, Мадрид клубы Винисиус кете қалған жағдайда оның орнын басатын негізгі кандидат ретінде Нико Уильямсты қарастырып жатыр. «Атлетик» шабуылшысының келісімшартында 90 млн еуро көлеміндегі өтемақы сомасы көрсетілген.
Айта кетейік, 23 жастағы Уильямсты өткен жазда «Барселонаға» ауысады деп болжаған, алайда футболшы «Атлетикпен» келісімін 2035 жылға дейін ұзартқан.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!