04.12.2025

«Реалдың» жұлдызы тарихи антирекорд орнатты

«Реалдың» жұлдызы тарихи антирекорд орнатты

Мадридтің «Реал» клубында көңіл құлазытар жағдай тіркелді. Бразилиялық шабуылшы Родриго Гоэс команданың тарихындағы ең ұзақ голсыз серияның жаңа иегері атанды.

Родригоның көрсеткіші бүгінде 31 матчқа жетті — бұл 1351 минут бойы қарсыластар қақпасына жол таба алмады деген сөз. Осыған дейінгі антирекорд Мариано Диасқа тиесілі болатын (30 матч, 986 минут), алайда бразилиялық форвард бұл межені жаңартып кетті.

«Атлетикке» қарсы өткен ойында (3:0) Родриго қосалқы құрамнан шықты және алаңда бар болғаны 13 минут өткізіп, нәтижеге ықпал ете алмады.

Команданың негізгі шабуыл күші ретінде қарастырылған ойыншы үшін мұндай ұзақ голсыз кезең — үлкен соққы. Биылғы маусымда Родриго 16 матчқа қатысса да, бірде-бір рет гол соқпаған.

Айта кетейік, оның соңғы голы наурыз айында — Чемпиондар лигасының 1/8 финалында «Атлетиконың» қақпасына соққан матчта тіркелген.



Біздің серіктес: Бізге тіркел!