Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

05.12.2025

 Дональд Трампқа FIFA-ның «Бейбітшілік сыйлығы» табысталды

 Дональд Трампқа FIFA-ның «Бейбітшілік сыйлығы» табысталды

Фото: Championat.com

Дәл қазір АҚШ астанасы Вашингтон қаласында футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты финалдық кезеңінің жеребесі тарту рәсімі өтіп жатыр, деп хабарлайды Sport12.kz

Салтанатты шара барысында АҚШ президенті Дональд Трампқа АҚШ, Канада және Мексикада өтетін 2026 жылғы әлем чемпионатына арнайы құрылған FIFA-ның «Бейбітшілік сыйлығы» табысталды.

Салтанатты рәсім қазақстан уақытымен 22:00-де басталып, «Qazaqstan» ұлттық телеарнасынан тікелей эфирде көрсетілуде.

Беделді бәсеке алғаш рет 48 құрама қатысады. Әрбір топтан алғашқы екі орындағы екі құрама, үшінші орын алған 12 құрамадан үздік көрсеткішке ие болған сегіз құрама 1/16 финалға шығады. Дүбірлі дода барлығы 39 күнге (11 маусым-19 маусым) созылады.

Әлем чемпионатында бақ сынайтын құрамалар төрт себетке бөлінген. Қазір оған қатысатын 42 құрама белгілі болып отыр. Қалғаны алдағы жылы болатын плей-офф ойындары анықталады.



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»