Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

06.12.2025

Футболдан Португалия құрамасының бас бапкері: Өзбекстанды құрметтейміз

Футболдан Португалия құрамасының бас бапкері: Өзбекстанды құрметтейміз

Португалия ұлттық құрамасының бас бапкері Роберто Мартинес 2026 жылғы әлем чемпионатының жеребе нәтижелері жөнінде өз ойын ортаға салды, деп хабарлайды Sport12.kz

Еске салайық, Португалия «K» тобында Колумбия, Өзбекстан және плей-офф кезеңінің жеңімпазымен күш сынасады.

«Енді жеребе нәтижелеріне сәйкес дайындықты бастай аламыз. Біз өз тобымызға ризамыз. Өйткені жеребе бізге алғашқы ойынды 17 маусымда өткізу мүмкіндігін беріп отыр. Бұл дайындық процесіне нақты бағыт береді. Алғашқы матчты плей-оффтан өткен командаға қарсы ойнаймыз. Сондықтан қазір қарсыласымыздың қай елден болатынын білмейміз. Дегенмен Колумбия мен Өзбекстан құрамаларына деген құрметіміз жоғары. Олар әлем чемпионатына тыңғылықты дайындалған әрі өте бәсекеге қабілетті командалар», — деді 52 жастағы маман.

Айта кетейік, футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты алғаш рет үш елде (АҚШ, Канада, Мексика) өтіп, рекордтық 48 ел сынға түседі.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»