Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

06.12.2025

Неймар әлем чемпионатында ойнай ма?

Неймар әлем чемпионатында ойнай ма?

Бразилия ұлттық құрамасының бас бапкері Карло Анчелотти 2026 жылғы әлем чемпионатына Неймардың шақырылуы қандай жағдайға байланысты екенін ашық айтты, деп хабарлайды Sport12.kz

«Неймарға қатысты қызығушылықтың жоғары екенін түсінемін. Жағдайды нақтылап өткім келеді. Қазір желтоқсан айы. Ал әлем чемпионаты маусымда өтеді. Мамыр айында құрамды жариялаған кезде, егер Неймар ойнауға дайын, толықтай сау әрі қазіргі ойын деңгейі басқа футболшылармен тең немесе олардан жоғары болса, сөзсіз әлем чемпионатына қатысады. Осылайша мәселе жабылады», — деп Анчелоттидің сөзін журналист әрі инсайдер Фабрицио Романо X әлеуметтік желісінде келтірді.

Айта кетейік, Бразилия құрамасы әлем чемпионатында «C» тобына түсіп, Марокко, Шотландия, Гаити елдерімен сынға түседі.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»