Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

06.12.2025

Ғалымжан Кенжебекке ресейлік клубтар да қызығушылық білдірді

Ғалымжан Кенжебекке ресейлік клубтар да қызығушылық білдірді

Фото: «Елімай» футбол клубы

Қазақстандық жартылай қорғаушы Ғалымжан Кенжебекке қызығушылық білдірген командалар қатарына Ресейдің «Краснодар» және «Ахмат» клубтары қосылды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Қазірге дейін ақпарат көздерінде оған Шотландия, Грекия клубтары қызығушылық білдіргені жазылған еді.

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы 2003 жылы Тараз қаласында дүниеге келген. Алматылық «Қайрат» командасы академиясында тәлім алған ол үлкен футболдағы алғашқы қадамын 2020 жылы аталған клубтан бастады. Одан кейін «Мақтарал» (Түркістан облысы), «Жеңіс» (Астана), кипрлік «Акритас Хлоракас», словакиялық «Кошице» клубтарында доп тепті. 

Қазақстан ұлттық құрамасы сапындағы алғашқы кездесуін 2024 жылы өткізді. Қазірге дейін алты ойында бір голдың авторы атанды. Сондай-ақ ол еліміздің 17, 19, 21 жасқа дейінгі жасөспірімдер және жастар құрамаларында ойнады. 




Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»