06.12.2025
Андрей Демченко тағы қазақстандық клуб тізгінін ұстауы мүмкін
Фото: «Ақтөбе» футбол клубы
Андрей Демченко «Ақтөбе» командасының тізгінін ұстауы мүмкін деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазір ақтөбелік клуб тізгінін болгариялық маман Николай Котсов ұстап отыр. Дегенмен ол қызметтен кетуі мүмкін деген ақапарт тарап жатыр.
Андрей Демченко биыл елордалық «Жеңіс» командасы тізгінін биыл жазда ұстады. Ол грекиялық Акис Вавалисті алмастырған еді.
Содан бері «Жеңіс» 17 кездесудің 8-де жеңіске жетіп, 6-да тең нәтижеге қанағат білдірсе, 1-де қарсыласына есе жіберді.
Нәтижесінде елордалық клуб 36 ұпаймен алтыншы орынға табан тіреді.
Андрей Демченко 1976 жылы Украинада дүниеге келген. Спорттық мансабында Ресейдің ЦСКА, Нидерландтың «Аякс», Украинаның «Металлург» (Запорожье), «Ильичевец», «Оболонь», «Гелиос», Молдованың «Дачия» клубтарында доп тепкен.
2011 жылдан бері бапкерлік қызметінде Украинаның «Имекс», «Металлург» (Запорожье), «Львов», «Металлист-1925», «Буковина», Грузияның «Дила», «Динамо» (Батуми) клубтарында еңбек етті.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»