07.12.2025
«Ақтөбенің» қашан жекеменшікке өтетіні белгілі болды
Фото: «Ақтөбе» футбол клубы
«Ақтөбе» футбол клубының қашан жекеменшікке өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл атаулы күн 22 желтоқсанға жоспарланған. Алдымен облыстық қаржы басқармасы клубтың мүлкіне бағалау жүргізуі тиіс. Белгілі болғанындай, клубтың еншісінде автокөлік, компьютерлер, біраз жиһаз және басқа да ұсақ-түйек заттардан өзге дүние-мүлік жоқ көрінеді. Шамамен клуб 200 млн теңгеге бағаланады деп күтілуде.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»