08.12.2025
«Реал Мадрид» бас бапкері жеңілістен кейін пікір білдірді
Ла Лиганың 16 турында «Реал Мадрид» өз үйінде «Сельтамен» кездесті. Ойын қонақтардың пайдасына 0-2 есебімен аяқталды. Ойыннан кейін карольдік клубтың бас бапкері Хаби Алонсо ойынға пікір білдірді.
«Бүгін жылдамдық жетіспеді. Бірнеше эпизодта қарсылас бізден жақсы ойнады. Милитаоның жарақаты – командаға ауыр соққы. Ойын басынан бастап дұрыс жүрмеді. Жанкүйерлердің ренішін түсінеміз. Бірақ сәрсенбі күні «Манчестер Ситиге» қарсы мүлде басқа ойын көрсетуіміз керек».
Төрешілер туралы:
«Төрешілердің шешімдері бізге кедергі болды. Қарсыласқа келгенде кешірімді болды. Каррерастың қызыл қағазы даулы шешім. «Сельтаға» ескертулер бермей, ойынды жиі тоқтатты. Оның жұмысы маған ұнамады».
Командадағы жарақаттарға байланысты:
«Жарақаттар көп болып жатыр, бұл құрамда тұрақтылық табуға қиын. Енді келесі ойынға дайындаламыз. Футболда осындай жағдайлар болады, алға қарай жүру керек».
«Реал Мадрид» 16 турдан кейін турнирлік кестеде 2 орында келеді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас