4 сағат бұрын

Арне Слот Мохамед Салахқа қатысты шешім қабылдады

Арне Слот Мохамед Салахқа қатысты шешім қабылдады

Фото: goal.com

Англияның «Ливерпуль» командасының египеттік шабуылшысы Мохамед Салах 9 желтоқсанда өтетін Чемпиондар лигасы алтыншы турындағы Италияның «Интеріне» қарсы кездесуге қатыспайды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Кейінгі уақытта футболшы бас бапкер Арне Слотпен келісе алмай жүр. Соның салдарынан оны бас бапкер үш ойын бойы қосалқы құрамда қалдырды. 

Футболшы АПЛ аясында өткен «Лидспен» болған (3:3) матчтан кейін шабуылшы бас бапкер Арне Слотты сынға алған еді.

Мохамед Салах 1992 жылы дүниеге келген. Кәсіпқой футболдағы алғашқы қадамын Египеттің «Мокавлун» командасында бастаса, одан кейін Швейцарияның «Базель», Англияның «Челси», Италияның «Фиорентина», «Рома» клубтарында доп тепті. 

2017 жылдан бері «Ливерпуль» сапында 300-ге жуық ойын өткізіп, 188 голдың авторы атанды. 


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас