4 сағат бұрын

«Олимпиакос» клубының бас бапкері: «Қайратты» зерттеуге көп уақыт болған жоқ

«Олимпиакос» клубының бас бапкері: «Қайратты» зерттеуге көп уақыт болған жоқ

«Олимпиакос» командасының бас бапкері Хосе Луис Мендилибар Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің алтыншы турында алматылық «Қайратпен» өтетін матчқа арналған алдын ала баспасөз конференциясында сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Sport12.kz

– Бізде «Қайратты» зерттеуге көп уақыт болған жоқ. Ойын екі командаға да қиын болады деп ойлаймын. Олар әрдайым сапалы және ашық ойнайды. Шабуылға жақсы шығады және қорғанысты дұрыс ұйымдастырады.

Дайындыққа аз уақыт болғандықтан, қарсыластың нақты ойыншылары туралы айту қиын. «Қайратта» барлық позицияда мықты футболшылар бар. Біреуді ерекше атап өтпеймін. Бірақ біздің ойыншыларға кімге абай болу керегін белгілеп қойдық. Дегенмен, барлық нәрсені тек матч барысында толық түсінетін боламыз», - деді Хосе Луис Мендилибар.

Айта кетейік, «Қайрат» пен «Олимпиакос» арасындағы ойын ертең, сейсенбі күні 20:30-да басталады.




Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас