2 сағат бұрын
Рафаэль Уразбахтин: жақсы нәтижеге қол жеткіземіз деген үміттенеміз
Алматылық «Қайрат» клубының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин «Олимпиакосқа» қарсы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі матч алдындағы дайындығы жайлы айтты, деп хабарлайды Sport12.kz
«Біз қарсыластың күшін жақсы түсінеміз. Оларды жан-жақты зерттедік. Көптеген ойындарын талдадық. Мұндай командалардың нәтижелері өздері-ақ айтып тұр. Құрамында мықты жас ойыншылар бар. Бірақ бізде де үлкен жігер бар. Қарсылас неғұрлым мықты болса, соғұрлым біз үшін жақсы. Біз үшін бір сынақ. Жақсы ойын көрсетіп, жақсы нәтижеге қол жеткіземіз деп үміттенеміз. Жанкүйерлердің қолдауына сенеміз. Матчтың Қазақстанда өтетініне қуаныштымыз», — деді бапкер.
Айта кетейік, «Қайрат» пен «Олимпиакос» арасындағы ойын ертең, сейсенбі күні 20:30-да басталады.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Қанат Байұзақов