09.12.2025

Салах «Ливерпульдағы» даудан кейін жаңа клуб қарастыруды

Салах «Ливерпульдағы» даудан кейін  жаңа клуб қарастыруды

«Ливерпуль» клубы қаңтар айында египеттік шабуылшы Мохамед Салақты сату шешімін қабылдады.

Indykaila News X платформасында хабарлағандай, Салах әртүрлі нұсқаларды қарастыруға дайын екенін айтты. Ол «Барселона», «Реал» немесе «Баварияға» ауысуға дайын, бірақ Сауд Арабиясынан түскен ұсыныс ең тартымды болып көрінуі мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін египеттік ойыншы бапкер Арне Слотты сынға алып, командадағы рөліне көңілі толмайтынын білдірген. Ол үш матч қатарынан бастапқы құрамда ойнамаған және кейін Лига чемпиондарындағы «Интермен» матчқа тізімге алынбаған.

Ағымдағы маусымда Салах «Ливерпуль» сапында 19 ойын өткізді, 5 гол соқты және 3 нәтижелі пас берді. Ойыншының клубпен келісімі 2027 жылғы жазға дейін жарамды.



Біздің серіктес: Бізге тіркел!