3 сағат бұрын
Темірлан Анарбеков «Қайрат» - «Олимпиакос» кездесуіндегі үздік ойыншы атанды
Фото: «Қайрат» футбол клубы
Қақпашы Темірлан Аанрбеков футболдан UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің алтыншы турында алматылық «Қайрат» пен Грекияның «Олимпиакос» (Пирей) кездесуінің үздік ойыншысы атанды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл ойында алматылық клуб қарсыласына 0:1 есебімен есе жіберді. Кездесу тағдырын щещкен жалғыз голды 73-минутында грекиялық клубтан Желсон Мартинш соққты.
Алматылық команда Чемпиондар лигасының турнирлік кестесінде бір ұпаймен 35-орында келеді. Аталған турнирде «Қайрат» португалиялық «Спортингтен» 1:4, испаниялық «Реал Мадридтен» 0:5, италиялық «Интерден» 1:2, даниялық «Копенгагеннен» 2:3 есебімен жеңіліп қалды. Ал кипрлік «Пафос» командасымен 0:0 есебімен тең түсті.
Темірлан Атырауда 2003 жылы дүниеге келіп, алғашқы футбол қадамын туған клубында жасады. 2017 жылғы қарашадан бастап ол «Қайрат» академиясының тәрбиеленушісі атанды.
Осы жаз Темірлан үшін ерекше есте қалды. УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі «Селтикке» қарсы матчта (0:0) ол пенальти сериясында үш соққыны қайтарып, «Қайратты» алғаш рет Еуропаның элиталық кезеңіне алып шықты.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас