11.12.2025
UEFA Жасөспірімдер лигасында «Қайрат» «Арсеналды» артта қалдырып кетті
2025/26 жылғы маусымдағы UEFA жасөспірімдер лигасы алтыншы турынан кейін жалпы кезеңдегі қорытынды турнир кестесі белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл ойындарға ережеге сәйкес 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер қатыса алады. Аталған тур 9-10 желтоқсан күндері өткізілді. Алты турдан кейін 16 ұпай жинаған Англияның «Челси» командасы академиясының тәрбиеленушілері көш басында келеді. Одан кейінгі орындарда 15 ұпаймен Португалияның «Бенфика», Бельгияның «Брюгге», Испанияның «Реал Мадрид» және «Вильяреал» клубтары тұр.
Қазақстандық «Қайрат» академиясының футболшылары жалпы кезеңнің қорытындысы бойынша 4 ұпаймен 28 орынға табан тіреп, 1/16 финалға жолдамадан тыс қалды. Олар грекиялық «Олимпиакос» жасөспірімдерін (2:0) жеңіп, даниялық «Копенгаген» клубымен (2:2) тең ойнады.
Сондай-ақ олар Португлаияның «Спортинг» (2:3), Испанияның «Реал Мадрид» (1:4), Кипрдің «Пафос» ( 1:3), Италияның «Интер» (0:3) жасөспірімдер командаларынан жеңіліп қалды.
Адматылық жас футболшылар Германияның «Бавария» академиясы командасымен бірдей ұпай жинады. Дегенмен олардан доп айырмасы бойынша төмен тұр.
Қазақстандық клуб жастарынан төменгі орындарға төрт ұпай жинаағына қарамастан доп айырмасы нашар «Аталанта» (Италия), «Пафос» (Кипр), «Галатасарай» (Түркия), «Юнион Сент-Жиллуа» (Бельгия), «Арсенал» (Англия) клубтары орналасқан. Ал бірде-бір ұпайға қол жеткізе алмаған «Ньюкасл» (Англия), «Бодо Глимт» (Норвегия), «Карабах» (Әзербайжан) клубтары соңғы орындарды місе тұтып тұр.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!