11.12.2025
Қазақстандық төрешілерге Конференция лигасының ойыны тапсырылды
Отандық төрешілер тобы УЕФА Конференция лигасы аясында өтетін «Ноа» (Армения) – «Легия» (Польша) кездесуінде қызмет атқарады, деп хабарлайды Sport12.kz
Матч 11 желтоқсан күні Еревандағы Республикалық стадионда өтеді.
Кездесудің бас төрешісі болып Болат Сәриев тағайындалды. Оған Сергей Васютин мен Юрий Тихонюк көмектеседі. Төртінші төреші қызметін Арман Исмұратов атқарады.
VAR жүйесінде Австриядан Мануэль Шюттенгрубер, ал AVAR міндетінде қазақстандық Айдын Тасыбаев жұмыс істейді.
Сондай-ақ бұл ойында стадион директоры қызметін Қазақстан өкілі Уәлихан Байтақов орындамақ.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!
Қанат Байұзақов