2 күн бұрын

«Қайсар» оқу-жаттығу жиынын Түркияда өткізбейтін болды

«Қайсар» оқу-жаттығу жиынын Түркияда өткізбейтін болды

Фото: «Қайсар» футбол клубы

Қызылордалық «Қайсардың» алдағы оқу-жаттығу жиынын қайда өткізетіні белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.  

Сенімді дерек көздерінің хабарлауынша, қаңтар айында Біріккен Араб Әмірлігінде алғашқы оқу-жаттығу жиынын өткізеді деп жоспарланып отыр. Онда шетелдік және қазақстандық футболшылар сынақтан өтеді. 

Бұдан бұрынғы жылдарда команда қыс айларында Түркияда дайындық жасайтын еді. Биыл бұл жағдай өзгеретін болды.

Айта кетсек, бұдан бұрын бас бапкер қызметіне Андрей Ферапонтов тағайындалса, оған көмекшілікке Дмитрий Карпов келді. Ал Жарқынбек Жоламанов аналитик жаттықтырушы болса, Евгений Валентюкевич – дене даярлығы бойынша, Виталий Кувшинов қақпашылардың жаттықтырушысы қызметін атқарады.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас