Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

15.12.2025

«Оқжетпес» клубының жаңа бапкері белгілі болды

«Оқжетпес» клубының жаңа бапкері белгілі болды

62 жастағы болгариялық маман Николай Костов «Ақтөбеден» кеткеннен кейін көкшетаулық «Оқжетпес» клубының бас бапкері болады, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұған дейін маман Кипр, Украина және Болгария клубтарында жұмыс істеген. 2002 жылы жергілікті «Анортосис» клубымен бірге Кипр кубогын жеңіп алған. Қазақстанда Қарағандының «Шахтёры» мен Ақтаудың «Каспий» командаларының бас бапкері қызметін атқарған.

Николай Костов «Ақтөбені» осы жылдың тамыз айында тізгіндеді. Оның жетекшілігімен команда 7 матч өткізіп, маусымды бесінші орынмен аяқтады.

Енді болгариялық маман көкшетаулық «Оқжетпестің» бас бапкері атанады.



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»