5 күн бұрын
«Қайрат» клубы Чемпиондар лигасындағы қарсыласының ойыншысын алды
«Қайрат» футбол клубы трансфер кезеңінде алғашқы футболшысын қатарға қосты, деп хабарлайды Sport12.kz
Алматылық команда 25 жастағы финляндиялық жартылай қорғаушы Яакко Оксаненмен келісімшартқа отырды. Келісім 2027 жылғы желтоқсанға дейін жасалған.
Яакко кәсіби мансабын финляндиялық «ХИК» клубында бастаған. 2018 жылы ол англиялық «Брентфорд» клубына ауысып, екінші командасында ойнады. Кейін Оксанен жалға «Уимблдон» және шотландиялық «Мортон» клубтарында өнер көрсеткен.
2022 жылы жартылай қорғаушы Финляндияға оралып, «КуПС» клубымен келісімшартқа отырып, «Қайратқа» ауысқанға дейін сол клубта ойнаған.
Осы маусымда Яакко Оксанен «Қайратпен» УЕФА Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінде кездескен. Екі матчтың қорытындысы бойынша «сары-қаралар» 3:2 есебімен жеңіске жеткен, ал жартылай қорғаушы бірінші ойында гол соққан. Жалпы осы маусымда Оксанен 51 матч өткізіп, 4 гол соғып, 8 нәтижелі пас берген.
Ол Финляндия ұлттық құрамасында 1 матч, U-21 жастар құрамасында 15 матч ойнап үлгерген.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Қанат Байұзақов