4 күн бұрын
Килиан Мбаппе «ПСЖ» клубын сотта жеңіп кетті
Сен-Жермен» футбол клубын командадан кеткен бұрынғы шабуылшы Килиан Мбаппеге өтемақы ретінде 61 миллион еуро төлеуге міндеттеді, деп хабарлайды Sport12.kz
Сот Мбаппенің 2024 жылы келісімшарты аяқталғаннан кейін клуб тарапынан бонустар мен жалақының төленбеуіне байланысты өтемақы тағайындады. Сот қорғаныс жағының, яғни мерзімді келісімшарттарды тұрақты келісімшартқа қайта жіктеу туралы дәлелдерін кері қайтарды. «ПСЖ»-ның 440 миллион еуро көлеміндегі талап-арызы толық көлемде қабылданбады.
Килиан Мбаппе «ПСЖ» құрамында 2018 жылдан 2024 жылға дейін өнер көрсетті. 2024 жылдың 3 маусымында шабуылшы «Реал» клубымен еркін агент ретінде келісімшартқа отырды.
Мбаппе ПСЖ тарихындағы ең үздік гол соққан ойыншы ретінде саналады. Команда құрамында ол бес мәрте Франция чемпионатының жеңімпазы атанды. Үш мәрте Кубок пен Суперкубокқа ие болды. Екі рет Лига Кубогын жеңді. Франция құрамасымен бірге Мбаппе 2018 жылы Ресейде өткен Әлем чемпионатын жеңіп, 2022 жылы Қатардағы әлем біріншілігінде күміс медаль алды.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Қанат Байұзақов