1 күн бұрын
«Қайсар» испаниялық «Барселона» түлегін қатарға қосқысы келеді (ВИДЕО))
Қызылордалық «Қайсар» командасы сапына кезінде Испанияның «Барселона» клубы сапында доп тепкен бразилиялық жартылай қорғаушысы Лукас де Вега қосылуы мүмкін, деп хабарлайды Sport12.kz.
Лукас де Вега 2000 жылы Бразилияның Форталеза қаласында дүниеге келген. Алғашқы келісімшартын Испанияның «Барселонасымен» жасағанмен негізгі клуб сапында бірде-бір ойын өткізе алған жоқ. Десе де сол клубтың құрылымдық жүйесіндегі «Картахена», «Барселона Б» клубтарының жейдесін киді. 2022-2023 жылдары сол елдің «Атлетико Балеарес» клубында ойнаса, 2024 жылы Литваның «Паневежис» клубымен келісімшартқа қол қойды.
Ол Ансу Фати, Гави, Нико Гонсалес және Илайш Мориба секілді танымал футболшылармен бірге доп тепкен.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас