17.12.2025

«Қызылжар» Аслан Адильді қатарға қосты

«Қызылжар»  Аслан Адильді қатарға қосты

Петропавлдық «Қызылжар» қазақстандық шабуылшы Аслан Адильмен келісімшартқа қол қойғанын ресми түрде хабарлады.

Тараптар екі жылға арналған келісімге келді.

Өткен маусымда 27 жастағы футболшы елордалық «Жеңіс» командасының намысын қорғады. Қазақстан Премьер-Лигасы аясында ол 24 матч өткізіп, бес гол соғып, екі нәтижелі пас берді.

Айта кетейік, «Қызылжар» өткен маусымда ҚПЛ турнирлік кестесінде тоғызыншы орын алып, 27 ұпай жинаған болатын.



Біздің серіктес: Бізге тіркел!