4 күн бұрын

Ғалымжан Кенжебек шаңырақ көтерді

Ғалымжан Кенжебек шаңырақ көтерді

Семейлік «Елімай» мен ұлттық құраманың жартылай қорғаушысы Ғалымжан Кенжебек отау көтерді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Футболшының таңдауы Шығыс Қазақстан облысы аруы түскен. Бұдан бұрын ол сүйіктісіне ұсыныс жасағаны жөнінде бейнежазба жариялаған еді. Оның сүйіктісінің есімі Алтынай екені белгілі болды.

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы 2003 жылы Тараз қаласында дүниеге келген. Алматылық «Қайрат» командасы академиясында тәлім алған ол үлкен футболдағы алғашқы қадамын 2020 жылы аталған клубтан бастады. Одан кейін «Мақтарал» (Түркістан облысы), «Жеңіс» (Астана), кипрлік «Акритас Хлоракас», словакиялық «Кошице» клубтарында доп тепті. 

Қазақстан ұлттық құрамасы сапындағы алғашқы кездесуін 2024 жылы өткізді. Қазірге дейін алты ойында бір голдың авторы атанды. Сондай-ақ ол еліміздің 17, 19, 21 жасқа дейінгі жасөспірімдер және жастар құрамаларында ойнады. 


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас