6 күн бұрын

Мадридтік «Реал» Испания Кубогының келесі кезеңіне өтті

Мадридтік «Реал» Испания Кубогының келесі кезеңіне өтті

Мадридтік «Реал» Испания Кубогының 1/16 финалында сырт алаңда «Талавера-де-ла-Рейна» клубымен кездесіп, 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Бас бапкер Хаби Алонсо матчты Лунин, Корредор, Хёйсен, Каррерас, Гарсия, Мастантуоно, Себальос, Гюлер, Гарсия, Эндрик және Мбаппе құрамымен бастады.

Алғашқы таймның соңында Килиан Мбаппе 41-минутта пенальтиден есеп ашты. Ал бірінші қосымша минутта алаң иелерінің ойыншысы Мануэль Фаррандо өз қақпасына гол соғып алды. Екінші таймда «Талавера» Науэль Арройоның 80-минуттағы голы арқылы есеп айырмасын қысқартты. Дегенмен, 88-минутта Мбаппе дубль авторы атанса, 90+1-минутта Гонсало Игнасио Ди Ренцо матчтың соңғы нүктесін қойды — 3:2.

Осылайша, мадридтік «Реал» Испания Кубогының 1/8 финалына жолдама алды. Бұл кезеңде «Атлетико», «Барселона», «Реал Сосьедад», «Культураль Леонеса», «Эльче», «Депортиво», «Расинг», «Валенсия», «Осасуна» және «Альбасете» командалары да бақ сынайды.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас